Елбасы кубогына сегіз құрама қатысады

Фотография - Елбасы кубогына сегіз құрама қатысады

 26-31 тамыз аралығында Алматыда волейболдан ерлер арасындағы «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық додасы өтеді. Дәстүрлі додаға биыл да сегіз команда қатысады

196 0

 26-31 тамыз аралығында Алматыда волейболдан ерлер арасындағы «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық додасы өтеді. Дәстүрлі додаға биыл да сегіз команда қатысады.

Дүйсенбі күні 20-рет жалауын көтеретін халықаралық турнирге қатысатын сегіз команданың бесеуі – ұлттық құрамалар. Ал екеуі жастар құрамасы да, біреуі – біздің елдің екінші құрамасы. Олар екі топқа тең бөлінген:

«А» тобы

Қазақстан, БАӘ, Бахрейн, Қазақстан-2.

«В» тобы

Түркия, Катар, Ресей (U-23), Иран (U-23).

БАӘ, Бахрейн және Катар құрамалары Алматыдағы біздің турнирде алдағы Азия чемпионатына дайындалып, әзірліктерін пысықтап алмақ. Құрлық біріншілігі 28 қыркүйектен 6 қазанға дейін Біріккен Араб Әмірлігінде өтеді. Оған, негізі, біздің волейболшылар да қатысады.

Ал Иран мен Ресейдің 23 жасқа дейінгі жастары қазан айының басында өтетін әлем чемпионатына дайындалу мақсатында ересектер арасындағы додада тәжірибе жинауға келіпті. Осы ретте айта кетейік, Иран U-23 құрамасы – жастар арасындағы соңғы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Биылғы Ел кубогы додасының өткізілу тәртібіне тоқталар болсақ, әуелі бір айналымдық жүйемен топтық ойындар өтеді. Содан соң әр топта бір және екінші орынға ие болған командалар жартылай финалда бақ сынайды. Мұнда «А» тобында үздік шыққан құрама, «В» тобының екінші командасымен кездеседі. Ал екінші жұпта, керісінше, «В» тобында топ жарған команда «А» тобының екінші құрамасымен додаға түседі. Тура осындай тәртіппен 5-8 орындар сарапқа салынады (3А – 4В, 4А – 3В). Одан кейін – ақтық ойындар (финал, ІІІ орын үшін, 5-орын үшін, 7-орын үшін).

Қазақстан ұлттық құрамасы ХХ Елбасы кубогында мына құрамда өнер көрсетеді:

Әсет Базарқұлов (01.03.87 ж.т.), Юрий Стулов (06.04.80, либеро), Антон Юдин (13.05.82), Дмитрий Горбатков (21.09.81), Алексей Гутор (10.04.84), Юрий Лабецкий (017.02.76), Виталий Мироненко (18.05.85), Надирхан Кадирханов (06.09.91), Олег Веригин (06.11.92), Сергей Радкевич (12.04.86),

Максим Мамедов (19.07.87) /бәрі де – «Алматы»/, Виталий Вориводин (31.07.90) /«Конденсат», Орал).

Бас бапкер – Геннадий Паршин, аға жаттықтырушы – Рафаиль Гиля-зутдинов.

Ал Қазақстан-2 құрамасы сапында мына жігіттер сынға түседі:

Қайрат Байбеков (28.03.83), Нариман Әубәкіров (10.04.89) /екеуі де – «Атырау»/, Дамир Әубәкіров (01.12.90), Виктор Москов (1992) /екеуі де – «Павлодар»/, Александр Стольников (17.07.88), Виталий Эрдштейн (05.05.92), Сергей Кузнецов (26.10.93) /бәрі де – «Алматы»), Михаил Устинов (1989), /«Шығыс-СвинецСтрой», Өскемен), Алмаз Исин (1990), Иван Русапетов (1990), Юрий Сенкевич (1990) /бәрі де – «Ұшқын-ҚазҰАУ» Алматы), Борис Юрасов (25.02.87), /«Динамо-Қазығұрт» Шымкент/ - деп хабарлады baq.kz

Бас бапкер – Олег Кузнецов, аға жаттықтырушы – Валерий Беленков.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!