Қазақстанда паралимпиадалық спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық жарыс жүлдегеріне сыйақы беріледі

Фотография - Қазақстанда паралимпиадалық спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық жарыс жүлдегеріне сыйақы беріледі

Монреальда (Канада) өткен тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында суда жүзуден әлем чемпионтында жақсы нәтижеге қол жеткізген ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрамасы елге оралды

217 0

Монреальда (Канада) өткен тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында суда жүзуден әлем чемпионтында жақсы нәтижеге қол жеткізген ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрамасы елге оралды.

Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы әуежайының алдына жиылғандар халықаралық спорт шеберлері: Монреальда өткен әлем чемпионатының күміс және екі дүркін қола жүлдегері Зүлфия Ғабидуллина мен Азия рекордшысы Әнуар Ахметов, олардың бапкерлері - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Саттар Бейсембаев пен Владимир Загодерныйды қарсы алды.

Еске сала кетсек, 12-18 тамыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында жүзуден тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемдік біріншілікке 60 елден 650 спортшы қатысты, 172 жүлде сарапқа салынды.

Чемпионатта Қазақстан намысын Әнуар Ахметов пен Зүлфия Ғабидуллина қорғады.

Жарыстың бес күнінің қорытындысы бойынша, ҚР құрамасының қоржынында үш жүлде - 48 жастағы Зүлфия Ғабидуллина қол жеткізген күміс жүлде (әлемдік рекордтпен қоса) және екі қола медаль бар.

ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Дархан Кәлетаевтың сөзіне қарағанда, Қазақстан паралимпиада спортының тарихында тұңғыш рет халықаралық жарыстардың жүлдегеріне сыйақы беріледі. Зүлфия Ғабидуллина ҚР ҰПК атынан (күміс жүлде үшін 100 мың теңге, 2 қола жүлде үшін 50 мың теңгеден) сыйақы алады. Олардың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!