"Ақтөбе" - "Динамо" кездесуінің билеттері алып-сатарларда

Фотография - "Ақтөбе" - "Динамо" кездесуінің билеттері алып-сатарларда

Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынасатын "Ақтөбе" мен "Динамо" командалары кездесуінің билеттерін алып-сатарлар 2,5 есе қымбатқа сатуда

179 0

Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынасатын "Ақтөбе" мен "Динамо" командалары кездесуінің билеттерін алып-сатарлар 2,5 есе қымбатқа сатуда. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

Бүгін таңертеңнен бастап Ақтөбенің Орталық стадионын алып-сатарлар төңіректеді. Олар матч билеттерін алдын ала сатып алып, бүгін өз бағасынан (1000 теңге) 2,5 есе қымбатқа сатып жатыр. Дегенмен, оны алушылардың саны да аз емес.

Айта кетейік, Қазақстандық "Ақтөбе" командасы мен Киевтің "Динамосы" арасындағы ойын бүгін Астана уақытымен кешкі 19.00-де басталады. Матчқа билет ала алмаған жанкүйерлер ойынды KazSport және Қазақстан телеарналары арқылы тікелей эфирден көре алмақ.

Айта кетейік, бұл кездесу украиндық команда үшін іріктеу сындарындағы алғашқы матч. Ал, "Ақтөбе" болса бұған дейін Арменияның "Гандзасарын", Норвегияның" Хедд" командасын және исландиялық "Брейдабликті" жарыс жолынан тайдырған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!