Геннадий Головкин кезекті айқасын Қазақстанда өткізеді

Фотография - Геннадий Головкин кезекті айқасын Қазақстанда өткізеді

WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын дәлелдеу жолындағы өзінің кезекті айқастарының бірін Геннадий Қазақстанда өткізеді

276 0

WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын дәлелдеу жолындағы өзінің кезекті айқастарының бірін Геннадий Қазақстанда өткізеді.

- Айқасты Отанымда, Қазақстанда өткізгім келеді, егер кездесу Қазақстанда болса, барлығы кең ауқымда ұйымдастырылып, жалпы жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.

- Қай қаланы көңілің қалайды? Мүмкін туған қалаң - Қарағандыда өткенін қалайтын шығарсың?

- Қарағандыда жасаса, қызық болар еді, бірақ Қарағандыда мұндай шараны ұйымдастыру және өткізу қиынға соғады. Менің ойымша, айқас Астанада немесе Алматыда өтуі тиіс. Қанша айтқанмен, бұл астана ғой, халық көп жиналады. Телеарналарға да келу оңай болады. Құрметті тұлғалар көп келетіндіктен, бұл шараны ауқымды түрде ұйымдастыру керек.

- Сонымен ол қашан болады?

- Менің ойымша, келесі жылы. Біз бұл мәселені талқылау үстіндеміз. Енді кестеге енгізу қажет.

- Бұл оқиға белгілі бір атаулы күнге байланысты өте ме?

- Иә, солай болатын сияқты.

WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атақты дәлелдеу үшін өтетін айқасты Геннадий Головкин 2 қараша күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Кертис Стивенспен өткізетіндігін естеріңізге саламыз. Айқас HBO телеарнасымен көрсетіледі. Головкин кәсіпқой рингтегі 27 кездесуінің барлығында да жеңіске жетті, оның 24-ін нокаутпен аяқтады. Стивенс 25 кездесуінде жеңіп (оның 18-і - нокаут), үш рет жеңіліске ұшырады. Қазақстанға боксшы екі аптаға келді, ол Қарағандыда шахтер күнін тойлауға қатыспақшы - деп хабарлады  baq.kz


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!