Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады

Фотография - Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады

24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады

110 0

24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады.

Сербиялық маман Любко Петрович жаттықтыратын батысқазақстандықтардан ойынның 25-минутында чехиялық легионер Павел Черны есеп ашты. Бірінші таймның соңғы сәттерінде «Востоктан» өткен жылғы маусымда «Ақжайық» сапында доп тепкен Вячеслав Эрбес есепті теңестірсе, ойынның екінші кезеңінде 58-минутта Сергей Костюк өскемендіктерді алға шығарды. Дегенмен 65-минутта «Ақжайықтың» құрамындағы камерундық легионер Саджо Хаман таразы басын қайта тең қылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Ақжайық» өткен турда Атырауда да 2:2 есебімен тең ойнаған еді. 30 тамызда әлі де соңғы орында келе жатқан оралдықтар Таразда жергілікті командамен күш сынасады. Осы турда Талдықорғанда «Жетісуді» ұтқан «Таразды» биылғы маусымда сол Л.Петрович баптап, кейін орнынан кеткен болатын. Бұл да «Ақжайық» үшін шешуші ойындардың бірі болмақ.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!