Қарағандылық «Шахтер» Шотландияға ұшып кетті

Фотография - Қарағандылық «Шахтер» Шотландияға ұшып кетті

Қарағандылық «Шахтер» «Селтикке» қарсы өткізетін УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне Глазгоға ұшып кетті.

155 0

Қарағандылық «Шахтер» «Селтикке» қарсы өткізетін УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне Глазгоға ұшып кетті.

«Сарыарқа» халықаралық әуежайында команданы шығарып салуға жанкүйерлермен бірге Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев те келді.

«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков шәкірттері шотландықтар қақпасына қос гол соғады деп уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 20 тамыз күні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч 2:0 есебімен «Шахтердің» жеңісімен аяқталған болатын. Голдардың авторлары - Сергей Хижниченко мен Андрей Финонченко. Қарымта кездесу Глазгода тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде өтеді. Бұл ойынды да КТК телеарнасы көрсетеді.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!