Қолымыздың жеткені 7-і орын

Фотография - Қолымыздың жеткені 7-і орын

60 келі салмақта ел намысын екі спортшымыз – Елдос Сметов пен Асхат Тельманов қорғады

156 0

Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы сайыс күні аяқталды. Кеше 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінеде қыздар және 60 келіге дейінгі салмақта ерлер алғашқы жүлделер жиынтығын сарапқа салған болатын.

60 келі салмақта ел намысын екі спортшымыз – Елдос Сметов пен Асхат Тельманов қорғады. Елдос әлемдік рейтингіде 9-ы, Асхат 11-і орында тұр. Өкінішке қарай, ширек финалға дейін сүрінбеген қос ұланымыз жүлдеге жақын қалғанда қарсыластарына есе жіберді.

Елдос Сметов Швейцария, Қытай, Польша балуандарын жеңіп, төртінші айналымда болашақ чемпион, жапондық Наошиа Такатоға есе жіберді. Асхат Тельманов болса, Австралия, Қытай, Әзірбайжан дзюдошыларынан басым болып, грузиялық Амиран Папинашвилиден ұтылып қалды. Асхат Амиранды «юко» әдісімен ұтып тұрған. Өкінішке қарай, «иппонға» түсіп қалды. Амиран осымен үшінші рет біздің жерлесімізді қапы қалдырып отыр.

 

Жұбаныш белдесулерінде Елдос Сметов әзірбайжандық Сафар Орхановтан «юко» әдісі бойыншы ұтылса, Асхат моңғолиядық Ганбат Болдбатардан ескерту санының көптігімен жеңілді.

Осылайша, бапкерлер мен жанкүйерлер қауымы көп үміт артқан екі балуанымыз да әлем чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!