"Қазақстан-2" командасы жеңіске жетті

Фотография - "Қазақстан-2" командасы жеңіске жетті

Алматыда ерлер арасында волейболдан өтіп жатқан «Президент Кубогынде» «А» тобында өнер көрсететін қазақстандық қос команда бір-бірімен жолығып, тартысты кездесу өткізді

156 0

Алматыда ерлер арасында волейболдан өтіп жатқан «Президент Кубогынде» «А» тобында өнер көрсететін қазақстандық қос команда бір-бірімен жолығып, тартысты кездесу өткізді.

Алғашқы күні жолыққан «Қазақстан» және «Қазақстан-2» командалары жарыстағы азулы командалар қатарында екенін дәлелдегендей. Нәтижесінде Олег Кузнецов баптайтын «Қазақстан-2» командасы негізгі "Қазақстан" құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті. Сонымен қатар «А» тобында өнер көрсететін Бахрейн құрамасы БАӘ ұлттық құрамасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал «В» тобындағы Иран (U-23) жастарының шамасы түріктерге жетпесе, Ресей (U-23) жастары Катар ұлттық құрамасын айқын басымдықпен жеңді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде жалғасын табатын дода 31 тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Бүгінгі күннің жарыс кестесі:

Бахрейн - Қазақстан-2   12:00

Иран (U-23) - Катар      14:00                 

Ресей - Түркия             16:00

Қазақстан - БАӘ               18:00


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!