Фарьер аралдары мен Швецияға қарсы шығатын ойыншылар тізімі

Фотография - Фарьер аралдары мен Швецияға қарсы шығатын ойыншылар тізімі

2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу додасының аясында Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айының басында қатарынан екі ойын өткізеді

278 0

2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу додасының аясында Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айының басында қатарынан екі ойын өткізеді. Алдымен 6 қыркүйек күні Фарер аралдары құрамасын қабылдасақ, 10 қыркүйекте Швециямен текетіресеміз. Осыған байланысты бас командамыздың бас бапкері Мирослав Беранек Қазақстан ұлттық құрамасының тізімін жариялады.

Мирослав мырза бұл жолы ұлттық құрамаға бірден төрт қақпашы шақырыпты. Барлығы 25 ойыншы. Әдеттегідей Самат Смақов пен Давид Лория бас командадан тыс қалып қойған. Ал Ұлан Қонысбаев осымен қатарынан екінші рет резервтік тізімде. Тіпті, Германияда доп теуіп жүрген Шмидтгальға да негізгі құрамнан орын табылмай, резервке ғана ілікті.

  қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Антон Цирин («Жетісу» Талдықорған), Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент)

  қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер» Қарағанды), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»),  Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»),  Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Александр Кислицын («Қайрат» Алматы), Константин Энгель («Энерги», Коттбус, Германия)

   жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс» Павлодар), Андрей Карпович («Ордабасы» Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай)

  шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»),  Андрей Финонченко («Шахтер» Қарағанды), Сергей Хижниченко («Шахтер» Қарағанды), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»),  Игорь Юрин («Ертіс» Павлодар).

Ұлттық құрамамыздың оқу-жаттығу жиыны қыркүйектің 2-сінде басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Егер қандай да бір себептерге байланысты негізгі құрамдағы футболшылар саптан шығып қалса, олардың орнына резервтегі футболшылардың бірі шақырылуы мүмкін.

Резерв:

  қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы» Шымкент), Захар Коробов («Жетісу» Талдықорған)

  жартылай қорғаушылар: Павел Шабалин («Ертіс» Павлодар), Серікжан Мұжықов («Жетісу» Талдықорған), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы» Шымкент), Виталий Волков («Тобыл» Қостанай), Хайнрих Шмидтгаль («Фортуна» Дюссельдорф, Германия)

   шабуылшылар: Сергей Гридин («Ақтөбе»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасында жалқы ұпаймен "С" тобында 6 команданың ішінде 5-орында келеді. Көш басында Германия.

 

6  қыркүйек, 2013 ж

Қазақстан - Фарьер аралдары

Астана. «Астана Арена», 21.00


10 қыркүйек, 2013 ж

Қазақстан - Швеция                                           

Астана. «Астана Арена», 22.00

Аталмыш ойынға билеттер Астана қаласында "Астана-Арена" стадионының кассаларында және "Меломан" сауда желісінің дүкендерінде сатылады.

k


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!