«Селтик» - «Шахтер» қарымта ойынына норвегиялық төреші қазылық етеді

Фотография - «Селтик» - «Шахтер» қарымта ойынына норвегиялық төреші қазылық етеді

 Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңіндегі  шотландиялық «Селтик» пен қазақстандық «Шахтер» арасындағы қарымта кездесуіне Свейн Оддвар Моэн бастаған норвегиялық төрешілер тобы қазылық етеді

196 0

 Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңіндегі  шотландиялық «Селтик» пен қазақстандық «Шахтер» арасындағы қарымта кездесуіне Свейн Оддвар Моэн бастаған норвегиялық төрешілер тобы қазылық етеді.


Моэнге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас көмектеседі, ал Ким-Анри Йонсен мен Свейн-Эрик Эдвартсен қосымша төреші болады.


Төртінші төреші - Свейн-Эрик Мидтхелль. Черногориялық Мирослав Джуканович УЕФА делегаты болса, испаниялық Мануэль Мехуто Гонсалес бақылаушы.


Моэн 1996 жылдан бері футбол матчтарына төрелік етіп келеді. 2005 жылдан халықаралық деңгейдегі ойындарға қазылық етеді. 2012 жылдың сәуірінде ФИФА оны 2014 жылғы Әлем чемпионатында қазылық етуге үміткер төрешілер тізіміне қосты.


Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матч тамыздың 28-нен 29-на қараған түні Глазго қаласындағы «Селтик Парк» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады.


«Астана-Арена» стадионында өткен алғашқы матчта «Шахтер» «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Гол авторлары - Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!