«Астана Арландары» жаңа маусымда өз жігіттеріміізге сенім артады

Фотография - «Астана Арландары» жаңа маусымда өз жігіттеріміізге сенім артады

WSB жаңа маусымында Astana Arlans клубы сапында 5 легионер ғана өнер көрсетеді

181 0

WSB жаңа маусымында Astana Arlans клубы сапында 5 легионер ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бапкерлер кеңесі жаңа маусымда құрама сапында бес легионерді алып қалуды жоспарлап отыр. Олар: Сергей Деревянченко, Филипп Хргович, Михай Нистор, Эхсан Рузбахани және Хрвойе Сеп», - деп мәлімдеді команданың бас директоры Болат Манкенов. Ол сонымен қатар, команданың Әлемдік бокс сериясында чемпиондар атағын қорғауға дайындалып жатқанын айтты және сериядағы төртінші маусымның алғашқы матчы өтетін күнді атады.

Естеріңізге саламыз, Astana Arlans үшінші маусымда ақтық сында украиндық «Атамандарды» жеңіп, Әлемдік бокс сериясында чемпион атанған болатын. Жаңа маусымда топтық кезеңде Арландар Mexico Guereros, Cuba Domadores, Azerbaijan Baku Fires, Russian Boxing Team және Hussars Poland командаларымен кездеседі. Турнирдің төртінші маусымы жаңа ережелер бойынша өтеді – ендігі жерде спортшылар бес салмақ емес, он салмақ дәрежесінде сынға түседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!