Қазақ баласы күміс жүлдегер

Фотография - Қазақ баласы күміс жүлдегер

Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні аяқталып, жерлесіміз АЗАМАТ МҰҚАНОВ күміс жүлде жеңіп алды

243 0

Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні аяқталып, жерлесіміз АЗАМАТ МҰҚАНОВ күміс жүлде жеңіп алды! Бүгінге дейін Асхат Житкеев пен Максим Раковқа бұйырған биік Азаматтың да еншісінде! Құттықтаймыз!

Азамат 66 келіде сынға түсті. Алғашқы белдесуінде ресейлік Алим Гадановты, екінші айналымда Сингапур, үшінші айналымда Ұлыбритания спортшысын тізе бүктірді. Ширек финалда жапониялық Фукуоки есімді дзюдошыны ұтса, жартылай финалда әлем және Еуропа чемпионы, украиналық Георгий Зантараяны жеңді. Өкінішке қарай, финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Эбишухо Масашиге есе жіберді. Бірақ, бұл күміс біз үшін бағалы! Біз үшін ыстық! Күміс құтты болсын, АЛАШ жұрты!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!