УЕФА: «Шахтер» құрбандыққа қой союын тоқтатпаса тәртіптік жазаға ұшырайды

Фотография - УЕФА: «Шахтер» құрбандыққа қой союын тоқтатпаса тәртіптік жазаға ұшырайды

Егер қарағандылықтар құрбандық шалуын тоқтатпаса, УЕФА тарапынан жазалануы мүмкін. Қазақстандық клуб тағы да қой соятын болса тиісті жаза алатындары жөнінде ескерту алды.

169 0

Егер қарағандылықтар құрбандық шалуын тоқтатпаса, УЕФА тарапынан жазалануы мүмкін. Қазақстандық клуб тағы да қой соятын болса тиісті жаза алатындары жөнінде ескерту алды.

Қазақстан чемпионы Астанада өткен алғашқы кездесу алдында құрбандыққа мал сойған болатын. Ол матчта «Шахтер» 2:0 есебімен басым түскен соң енді қарымта матч өтетін «Селтик Парк» стадионында да қой сойылатыны жөнінде ақпарат тараған еді.

Осыдан соң жануарлар құқығын қорғайтын «Peta» тобы УЕФА президенті Мишель Платиниге хат жолдап, «Шахтерді» жазалауды сұраған екен. Нәтижесінде УЕФА «Шахтермен» хабарласып, егер қарағандылықтардың кесірінен қандай да бір жануарлар зардап шегетін болса, олар тәртіптік жазаға ұшырайтынын ескерткен.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!