Бүгін Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

Фотография - Бүгін Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

Кеше Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан командалардың барлығы белгілі болды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында топтық кезең жеребесі тартылады

187 0

Кеше Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан командалардың барлығы белгілі болды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында топтық кезең жеребесі тартылады.

Чемпиондар Лигасында еліміздің намысын абыроймен қорғаған қарағандылық «Шахтер» қос кездесу қорытындысы бойынша 2:3 есебімен шотландияның «Селтигінен» айналып өте алмаған болатын. Ал «Батэ» мен «Скендербеуді» жарыс жолынан шығарған «кеншілер» ұжымы енді Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған 32 команда 4 себетке бөлінген. Бұлай себеттерге бөліну командалардың УЕФА рейтингіндегі орындарына байланысты орын алған. (Бір себеттегі командалар топтық кезеңде бір-бірімен қарсылас атанбайды)

1-ші себеттегі командалар:  "Бавария" (Германия), "Барселона" (Испания), "Челси" (Англия), "Реал" (Испания), "Манчестер Юнайтед", "Арсенал" (екеуі де - Англия), "Порту" және "Бенфика" (екеуі де - Португалия).

2-ші себеттегі командалар: "Атлетико" (Испания), "Шахтер" (Украина), "Милан" (Италия), "Шальке" (Германия), "Марсель" (Франция), ЦСКА (Ресей), "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Ювентус" (Италия).

3-ші себеттегі командалар: "Зенит" (Ресей), "Манчестер Сити" (Англия), "Аякс" (Нидерланды), "Боруссия" (Германия), "Базель" (Швейцария), "Олимпиакос" (Грекия), "Галатасарай" (Түркия), "Байер" (Германия).

4-ші себеттегі командалар: "Копенгаген" (Дания), "Наполи" (Италия), "Андерлехт" (Бельгия), "Селтик" (Шотландия), "Стяуа" (Румыния), "Виктория Пльзень" (Чехия), "Реал Сосьедад" (Испания), "Аустрия" (Австрия).

Жеребе тастау рәсімі аяқталған соң, 2012/2013 маусымдағы Еуропаның үздік футболшысы анықталатын болады. Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл атаққа Криштиану Роналду, Лионель Месси және Франк Рибери  қол созып отыр.

Чемпиондар Лигасының жеребесі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!