Шүменов шаршы алаңға қараша айында шығады

Фотография - Шүменов шаршы алаңға қараша айында шығады

Кәсіпқой бокстағы қандасымыз, WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпионы Бейбіт Шүменов өзінің келесі жекпе-жегін қараша айында өткізіп, словакиялық боксшы Томаш Ковачқа қарсы жұдырықтасуда чемпиондық атағын қорғайтын болады

199 0

Кәсіпқой бокстағы қандасымыз, WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпионы Бейбіт Шүменов өзінің келесі жекпе-жегін қараша айында өткізіп, словакиялық боксшы Томаш Ковачқа қарсы жұдырықтасуда чемпиондық атағын қорғайтын болады.


            Кәсіпқой бокстағы ең алғашқы айқасын 2007 жылдың 11 қарашасында өткізген жерлесіміз содан бері 14 жекпе-жек өткізіпті. Соның 13-інде жеңіске жеткен, тоғызын нокаутпен аяқтаған. Тек біреуінде ғана жеңіліске ұшырапты. Соңғы рет кәсіпқой рингке өткен жылы 2 маусымда көтеріліп, мексикалық Энрике Орналеске қарсы өткен жұдырықтасуда чемпиондық атағын қорғаған Бейбітті содан бері көрмей кеткенбіз. Міне, келесі айқасының мерзімі де белгілі болды. Үстіміздегі жылдың 23 қарашасында Макаода өтетін жекпе-жек кешінде Бейбітке словакиялық Томаш Ковач қарсылас атанады. 36 жастағы Ковачтың тәжірибесі мол. 23 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен. 14 жұдырықтасуын нокаутпен аяқтаған екен. Сондықтан бұл айқас өте қызықты өтуі тиіс.

            Айта кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегі кезінде сегіз салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болған филиппиндік Мэнни Пакьяо мен әлемнің экс-чемпионы американдық Брендон Риос арасында өтеді. Екеуі де мықты боксшы. Пакьяо өз ғұмырында 61 рет шаршы алаңға шығып, 54 жұдырықтасуын жеңіспен аяқтап, бесеуінде ғана жеңілсе, Брендон 33 айқасының біреуінде ғана ұтылған. Бұлар WBO тұжырымының жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуіне таласатын болады.

            Сондай-ақ осы кеште Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы, қытайлық Зоу Шимин де шаршы алаңға шығады. Бұған дейін екі жекпе-жек өткізген Шиминнің қарсыласы әзірге анықталған жоқ. Айтпақшы, жекпе-жек кешін НВО телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!