Қазақ боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Фотография - Қазақ боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Ақтаулық боксшы Қанат Көптілеуов Грозныйда (Шешен республикасы) өткен Ахмат Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

299 0

Ақтаулық боксшы Қанат Көптілеуов Грозныйда (Шешен республикасы) өткен Ахмат Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Маңғыстау облыстық бокс федерациясының ақпарынша, А. Кадыровты еске алуға арналған бесінші турнир «Олимпийский» спорт кешенінде 12 елден 98 спортшының басын қосқан.

Маңғыстау облысының намысын Грозныйда бокс мектебінің 4 тәрбиленушісі қорғады, оның екеуі жүлделі орынға ілікті.

Осылайша, Қ. Көптілеуов (56 келіге дейін) финалда 2013 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері қырғызстандық Омурбек Малабековты жеңіп, алтын медальды олжалады.

Одан бөлек, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерік Әлжанов «қоланы» иемденді - деп хабарлады baq.kz

«Жігіттеріме көңілім толады, олар мұқият дайындалды, жеңуге ұмтылыс танытты, нәтижесінде елге медальмен, оның үстіне жоғары санаттысымен оралып келеді», - деп атап өтті Маңғыстау облысы жастар құрамасының бапкері Руслан Бибуев.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!