Мұсылман футболист Криштиану мен Мессиді артқа тастады

Фотография - Мұсылман футболист Криштиану мен Мессиді артқа тастады

 «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Франк Рибери өткен маусымда кәрі құрлықтың ең үздік ойыншысы атанды. Марапаттау рәсімі Монака қаласында өтті

204 0

 «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Франк Рибери өткен маусымда кәрі құрлықтың ең үздік ойыншысы атанды. Марапаттау рәсімі Монака қаласында өтті.

Рибериден өзге Криштиану Роналду мен Лионель Месси де үздік үштікке енген болатын. Алайда, ақтық сында Франк басым дауыспен үздік ойыншы атанды.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша 30 жастағы жартылай қорғаушы Германия кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Ең үздік ойынша атағы Еуропада 2011 жылдан бастап беріліп келеді. Үміткерлердің тізімін УЕФА-ға кіретін елдердің тілшілері дауыс беру арқылы жасайды. Алғашқы сыйлықты Лионель Месси есімді аяқ доп шебері қанжығасына байлаған болатын - деп хабарлады  baq.kz

«Бавария» клубының жеңімпаз атанған ойыншысы 2006 жылы исламды қабылдаған болатын. Оның асыл дінімізге өтуіне мароккалық әйелі себеп болғанын айта кету керек.

«Күніне бес уақыт намаз оқимын. Намаз оқығанда өзімді еркін әрі сергек сезінемін», – деді ол ағынан ақтарылып.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!