Шведова мен Кукушкин азулы қарсыластарынан айласын асыра алмады

Фотография - Шведова мен Кукушкин азулы қарсыластарынан айласын асыра алмады

Қазақстандық Ярослава Шведова  теннистен АҚШ  ашық біріншілігінің үшінші айналымынан аса алмады

168 0

Қазақстандық Ярослава Шведова  теннистен АҚШ  ашық біріншілігінің үшінші айналымынан аса алмады. Әйелдер арасындағы тізімде көш бастап тұрған  Серена Уильямс  жерлесімізді 1 сағат 14 минутта 6:3, 6:1 есебімен жеңіп , жарыс жолынан шығарып тастады.

Естеріңізде болса аталмыш турнирдің екінші айналымында дәл осы Серена Уильямс   тағы бір жерлесіміз Галина Воскобоеваны 6:3, 6:0 есебімен жеңіп үйіне қайтарған болатын.

Ерлер арасындағы жалғыз өкіліміз Михаил Кукушкин үшін де жекелей сында жарыс аяқталды.

Отандасымыз әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Давид Феррерге айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен жеңіске бастар жолды таба алмады.Үш сағатқа жуық уақытқа созылған матчтың қортынды есебі 6:4, 6:3, 4:6, 6:4.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!