Елбасы кубогі Иран жастарында

Фотография - Елбасы кубогі Иран жастарында

Алматыда волейболдан ерлер арасында Қазастан Республикасы Президентінің Кубогі сарапқа салынып, Иранның жастар құрамасы жеңімпаз атанды

190 0

Алматыда волейболдан ерлер арасында Қазастан Республикасы Президентінің Кубогі сарапқа салынып, Иранның жастар құрамасы жеңімпаз атанды.

Биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылған мәртебелі турнирге 8 құрама қатысты. Оның алтауы  – ұлттық құрама: Қазақстан, Қазақстан – 2, Түркия, Катар, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері. Қалған екеуі  - жастар құрамасы: 23 жасқа дейінгі Иран мен 23 жасқа дейінгі Ресей волейболшылары. 

Бір қызығы, бұл турнирде жастар ересектерді сан соқтырды. Қазіргі Азия чемпионы саналатын Иран волейболшыларының ізбасарлары барлық матчта жеңіске жетіп, финалда ресейлік құрдастарына 3:0 есебімен амал қалдырған жоқ. Тәжірибелі ойыншылардан жасақталса да, Қазақстан құрамасының жастарды жеңуге шамасы жетпеді. Ал қола жүлде үшін тартыста Бахрейндік қарсыластарын 3:0 есебімен тізерлетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы Президент Кубогі жолындағы бәсекені қола жүлдемен аяқталы. Алтын Иран, күміс Ресей жастарында.

Волейбол. Ерлер. Президент Кубогі халықаралық турнирі:

1. Иран (U-23)

2. Ресей  (U-23)

3. Қазақстан

4. Бахрейн

5. Түркия

6. Қазақстан – 2

7. Катар

8.  БАӘ


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!