Алматы облысында ҚР Президентінің Кубогы үшін ат жарыс өтті

Фотография - Алматы облысында ҚР Президентінің Кубогы үшін ат жарыс өтті

Алматы облысының Көкбастау ипподромында Конституция күніне орайластырылған ҚР Президентінің Кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жыл сайынғы республикалық жарыс өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам сәйгүлік қатысты

209 0

Алматы облысының Көкбастау ипподромында Конституция күніне орайластырылған ҚР Президентінің Кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жыл сайынғы республикалық жарыс өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам сәйгүлік қатысты.

Жарыс қазақ ұлттық ат спортының - құнан бәйге, аламан бәйге, топ бәйге және жорға жарыс түрлері бойынша өтті. Мерекенің көркін қыздырған ең қызығы аламан бәйге бойынша шабандоздар 25 шақырымға жарысқа түсті. Спорттың бұл түрі тұлпардың төзімділігін сынауға арналған, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, соңында сыйлықтар таратылды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Жамбыл ауданынан келген Аян Үмбетов (Ұлытау деген тұлпарымен) қымбат шетелдік темір тұлпар мініп қайтты. Ал оның қарсыластары - Астанадан келген Аятжан Әмірханов (Патша тұлпарымен) пен Қарасай ауданынан келген Жаноликовтар жанұясы (Экспорсет тұлпарымен) тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болды. Оларға ВАЗ-2109 және ВАЗ-2108 көліктері сыйға тартылды.

Қалған қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!