Будапештте белдесетіндер белгілі

Фотография - Будапештте белдесетіндер белгілі

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш турнирде ел намысын қорғайтын палуандардың есімі белгілі болды

277 0

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш турнирде ел намысын қорғайтын палуандардың есімі белгілі болды.

Дода қыркүйектің 16-ы мен 22-і аралығында өтеді, деп жазды АлашАрена Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев келесі саңлақтарға сенім артып отыр.

55 келіде Расул Қалиев

60 келіде Дәулет Ниязбеков.

66 келіде Дәурен Жұмағазиев

74 келіде Ақжүрек Таңатаров

84 келіде Аслан Кахидзе

96 келіде Таймураз Тигиев

Ал аса ауыр салмақта Дәулет Шабанбай

Грек-рим күресінен  Қазақстан құрамасының бас бапкері Таңат Сағындықов Будапеш кілемінде белдесуге төмендегі палуандарды лайық көріпті.

55 келі – Нұрсұлтан Қалмырзаев

60 келі – Алмат Кебіспаев

66 келі – Ербол Қоңыратов

74 келі – Асхат Ділмұхаметов

84 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов

96 келі – Ерұлан Ысқақов

120 келі – Нұрмахан Тінәлиев

Әйелдер арасындғы белдесулерде бақ сынайтындар:

48 келі – Зүлфия Яхъярова

51 келі – Татьяна Аманжол

55 келі – Айжан Ысмағұлова

59 келі – Джулия Сатымбекова

63 келі – Екатерина Ларионова

67 келі – Эльмира Сыздықова

72 келі – Гүзел Манюрова

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!