Астанаға Златан Ибрагимович келе жатыр

Фотография - Астанаға Златан Ибрагимович келе жатыр

Футболдан Швеция ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем біріншілігінің аясында 6 қыркүйекте Ирландиямен, 10 қыркүйекте Қазақстанмен кездеседі. Екі ойынын да түзде өткізеді. Осыған байланысты ұлттық құрамасының бас бапкері Эрик Хамрен бас командасының алдағы кездесулерге қатысатын футболшыларының тізімін жариялады

233 0

Футболдан Швеция ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем біріншілігінің аясында 6 қыркүйекте Ирландиямен, 10 қыркүйекте Қазақстанмен кездеседі. Екі ойынын да түзде өткізеді. Осыған байланысты ұлттық құрамасының бас бапкері Эрик Хамрен бас командасының алдағы кездесулерге қатысатын футболшыларының тізімін жариялады.

            Швеция құрамасымен бірге Астанаға Златан Ибрагимовичтің де келуі мүмкін екені белгілі болды. Бүгінде Францияда «Пари Сен-Жермен» клубының намысының қорғап жүрген шабуылшы, егер Қазақстанға қарсы алаңға шығар болса, онда бұл оның ұлттық құрама сапындағы 89 сойыны болмақ. Сондай-ақ, тізімде қорғаушы Микаэль Лустиг те бар. Иә, естеріңізге түсті ме?! Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің аясында Қарағандының «Шахтеріне» қарсы алаңға шыққан «Селтик» қорғаушысы Лустиг қой.

            Естеріңізге сала кетейік, елорданың «Астана-Арена» стадионында өтетін Қазақстан – Швеция ұлттық құрамаларының арасындағы ойын 10 қыркүйекке жоспарланған. Басталуы сағат – 22:00-де. Сондай-ақ, қыркүйектің 6-сында жерлестеріміз Фаррер аралдары құрамасын қабылдайды. Бұл матч сағат 21:00-де басталады.

Швеция ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Андреас Исакссон ("Касымпаша", Түркия), Кристоффер Нордфельдт ("Херенвен", Голландия), Юхан Виланд ("Копенгаген", Дания);

Қорғаушылар: Микаэль Антонссон ("Болонья", Италия), Пьер Бенгтссон ("Копенгаген", Дания), Расмус Бенгтссон ("Твенте", Голландия), Андреас Гранквист ("Дженоа", Италия), Адам Юханссон ("Сиэтл Саундерс", США), Микаэль Лустиг ("Селтик", Шотландия), Пер Нильссон ("Нюрнберг", Германия), Юнас Ульссон ("Вест Бромвич", Англия), Мартин Ульссон ("Блэкберн Роверс", Англия);

Жартылай қорғаушылар: Джимми Дурмаз ("Генчлербирлиги", Турция), Альбин Экдаль ("Кальяри", Италия), Александр Качаникли ("Фулхэм", Англия), Себастиан Ларссон ("Сандерленд", Англия), Андерс Свенссон ("Эльфсборг", Швеция), Понтус Вернблум (ЦСКА, Россия), Эркан Зенгин ("Генчлербирлиги", Турция);

Шабуылшылар: Юхан Эльмандер ("Галатасарай", Турция), Тобиас Хюсен ("Гетеборг", Швеция), Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен", Франция), Ола Тойвонен (ПСВ, Голландия).

Бас бапкер – Эрик Хамрен (Швеция)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!