Тараздағы орталық стадион УЕФА стандарттарына сай болмақ

Фотография - Тараздағы орталық стадион УЕФА стандарттарына сай болмақ

Тараз қаласындағы орталық стадион УЕФА стандарттарына сай қайта жөнделіп жатыр

212 0

Тараз қаласындағы орталық стадион УЕФА стандарттарына сай қайта жөнделіп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің спорт басқармасы.

Өз тарихында алғаш рет Тараздың Орталық стадионы (бұрынғы атауы «Химик») УЕФА-ның барлық талаптарына сәйкес үсті жабылып, жарықтандырылады. Жоба бойынша трибуналардың үстіне шатыр қою, жарық түсіруді жаңарту, матчтарды дыбыспен сүйемелдеу, БАҚ өкілдеріне арналған ложа салу және өзге де замануи жаңалықтарды енгізу қарастырылған. Жарық түсіруді жөндеуге әлемдік деңгейде жарық беру ісінен тәжірибесі бар Philips фирмасының мамандары кеңес беруде.

Тараздың Орталық стадионын қайта құрау футбол қауымдастығының Еуропалық одақ талаптары шеңберінде өткізіледі, құрылысты облыстық бюджет қаржыландырады, деп нақтылады спорт мекемесінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!