Итальяндық футболшы Фабио Каннаваро қыркүйекте Қазақстанға келеді

Фотография - Итальяндық футболшы Фабио Каннаваро қыркүйекте Қазақстанға келеді

Италия құрамасы сапында футболдан әлем чемпионы Фабио Каннаваро отандық футболдың 100 жылдығын тойлауға Қазақстанға келеді

132 0

Италия құрамасы сапында футболдан әлем чемпионы Фабио Каннаваро отандық футболдың 100 жылдығын тойлауға Қазақстанға келеді.

Іс-шара Семейде 21 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні қазақстандық және кеңестік футбол ардагерлерінің жолдастық кездесуі болады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Естеріңізге сала кетейік, Ф.Каннаваро 2006 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен басқа, 2000 жылы Италия құрамасымен Еуропа біріншілігінің «күміс» жүлдесін иеленді. Ол итальяндық «Наполи», «Парма», «Интер» және «Ювентус», сондай-ақ испаниялық «Реал» командаларының сапында өнер көрсеткен. 2006 жылы Каннаваро Әлемнің үздік ойыншысы атағымен қоса «Алтын доп» иегері атанды. 2011 жылы тізесінен жарақат алып, футболшы мансабын аяқтауға мәжбүр болды. Айта кетерлігі, Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, айтулы датадан бір апта бұрын Каннаваро қырыққа толады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!