Фарер құрамасының тізімі белгілі болды

Фотография - Фарер құрамасының тізімі белгілі болды

2014 жылғы әлем біріншілігі іріктеу додасының қарсаңында Фарер ұлттық құрамасы 6 қыркүйекте Қазақстанға қонаққа барады. Ал қыркүйектің 10-ы күні өз алаңында Германия құрамасын қабылдайды. Осыған байланысты Фарер құраманың бас бапкері Ларс Ольсен аталмыш командаларға қарсы дайындалар футболшыларын жариялады

252 0

2014 жылғы әлем біріншілігі іріктеу додасының қарсаңында Фарер ұлттық құрамасы 6 қыркүйекте Қазақстанға қонаққа барады. Ал қыркүйектің 10-ы күні өз алаңында Германия құрамасын қабылдайды. Осыған байланысты Фарер құраманың бас бапкері Ларс Ольсен аталмыш командаларға қарсы дайындалар футболшыларын жариялады.


Қақпашылар: Гуннар Нильсен («Мотеруэлл», Шотландия), Кристиан Йонсен («НСИ Рунавик»), Ханс Йоргенсен («ХБ Торсхавн»;

Қорғаушылар: Йонас Тор Нэс («Валюр», Исландия), Атли Грегерсен, Эрлинг Якобсен (екеуі де — «Викингур»), Рогви Балдвинссон («Брюн», Норвегия), Йохан Трост Давидсен, Вильормур Давидсен (екеуі де — «Вайле Болдклуб», Дания), Ари Мохр Йонссон («Силькеборг», Дания), Фроди Беньяминсен, Хейни Ватнсдал (екеуі де — «ХБ Торсхавн»), Суни Олсен («Б-36»);

Жартылай қорғаушылар: Халлур Ханссон («Ольборг», Дания), Кристиан Муритсен («ХБ Торсхавн»), Пол Йоханес Юстиньюссен («НСИ Рунавик»);

Шабуылшылар: Суймун Самуэльсен («ХБ Торсхавн»), Йохан Симун Эдмундссен («Викинг» (Норвегия), Кристиан Хольст («Силькеборг», Дания), Пал Клетскард («Клаксвик»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан - Фарер құрамаларының арасындағы ойын 6 қыркүйекте елорданың "Астана-Арена" стадионында өтеді. Басталуы сағат - 21:00. Кездесуді тікелей эфирден «KAZsport» телеарнасы ұсынады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!