Жаңарған рейтингіде жаңалық көп

Фотография - Жаңарған рейтингіде жаңалық көп

Бразилия жерінде өткен дзюдодан әлем чемпионатынан соң, Халықаралық дзюдо федерациясы балуандардың жаңарған рейтингін жария етті. Аталған тізімдегі  қазақ дзюдошыларының көрсеткішіне де біраз өзгеріс еніпті

176 0

Бразилия жерінде өткен дзюдодан әлем чемпионатынан соң, Халықаралық дзюдо федерациясы балуандардың жаңарған рейтингін жария етті. Аталған тізімдегі  қазақ дзюдошыларының көрсеткішіне де біраз өзгеріс еніпті.

60 келідегі Елдос Сметов пен Асхат Тельмановтың әлемдік рейтингіде көршілес тұр. Риоға аттанбас бұрын Елдос 9-ы, Асхат 11-і  тұрған. Енді Сметов 7-і, Тельманов 8-і сатыға көтеріліпті.

66 келідегі Азамат Мұқанов әлем чемпионатында күміс жүлде алған соң, рейтингте 15-і орынға көтерілді. Ал әлем чемпионаты басталмас бұрын ол 30-ы сатыда тұрған. Финалда Азаматты жеңіп кеткен Эбинума Масаши де әлемдік рейтингтің ұшар басына шыға алмады – 2-і орын. Бірінші сатыда моңғол балуаны.

73 келідегі Дастан Ықыбаев дүниежүзілік сыннан 5-і орын алған соң, әлемдік рейтингте 38-і орынға көтерілді. Ал оған дейінгі Дастанның  орны тым құлдида еді.

81 келідегі Дәулетхан Жақыпов 58-і, 90 келідегі Ислам Бозбаев 19-ы сатыда.

100 келіге дейінгі салмақтағы Максим Раков дәурені жүріп тұрған шақта әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрушы еді. Қазір 15-і орында тұр.

Аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеевтің орны – 33.

Балуандар енді үш жылдан соң, осы татамиге қайта оралады. 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін барлығы да тер төгіп, ұпай жинауда. Олимпиадаға әлемдік рейтингтегі үздік 20 балуанның қатысатынын да ұмытпаған боларсыздар. Елдос, Асхат, Азамат бастаған жігіттерге   осы қарқыннан таймау керек. Ал, жиырмалықтың сыртында қалған спортшыларға өрлеу түсіңіздер демекпіз.

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен балуанға 900 ұпай қосылса, күміс жүлдегерге 540 ұпай жазылады. 5-і және 7-і орын алған балуандарға тиісінше 180 және 144 ұпайдан берілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!