"Ман Сити" LG-мен келісім жасасты

Фотография - "Ман Сити" LG-мен келісім жасасты

Англияның экс-чемпионы «Манчестер Сити» тұрмыстық техника мен электроника өнімдерін шығаратын LG компаниясымен демеушілік келісімге отырғанын ресми түрде мәлім етті

161 0

Англияның экс-чемпионы «Манчестер Сити» тұрмыстық техника мен электроника өнімдерін шығаратын LG компаниясымен демеушілік келісімге отырғанын ресми түрде мәлім етті.

Екі жақ екі жылдық келісімге отырған, ал әзірге қаржылық жағы белгісіз. Істестік аясында LG компаниясы «Этихад Стэдиум» стадионына әр көлемдегі 360 экранды шоғырландырған. Бұған қоса, 320 экран клубтың балалар мен жасөспірімдер академиясына берілетін болып отыр.

Ағылшын Премьер-лигасында «Манчестер Сити» үш турдың қорытындысы бойынша 6 ұпайға иелік етуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!