Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Фотография - Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу аясында «Астана Аренада» Фарер аралдары құрамасын қабылдаған Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

130 0

Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу аясында «Астана Аренада» Фарер аралдары құрамасын қабылдаған Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен басталғанымен есепте алғашқы болып қонақтар алға шықты. Біздің қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған Фроуди Беньяминсен болатын. Біздің жігіттер қанша тырысқанымен бірінші таймда есепті теңестіретін мүмкіндік таба алмады.

Ойынның екінші бөлігінде біздің құраманың бас бапкері Мирослав  Беранек Щеткиннің орнына Финонченконы шығаруды жөн деп тауыпты. Төреші ысқырығы естілісімен қонақтар қақпасына лап қойған Қазақстан құрамасы көп ұзамай дегеніне жетті. Төреші  қақпа маңындағы қарбалас кезінде допты қолымен ұстаған қонақтардың қорғаушысына ескерту жасап алаң қожайындарының пайдасына он бір метрлік айып добын белгілеген. Допқа келген капитанымыз Қайрат Нұрдаулетов нүктеден мүлт кетпеді.

Араға бірнеше минуттар салып алаңға жаңадан шыққан Финонченко өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Клубтасы Хижниченкодан әдемі пас алған «Шахтер» ойыншысы жеңіс голын соғып, қоржынымызды үш ұпайды салып берді.

Қазақстан-Фарер аралдары 2-1

Голдар: Нұрдаулетов, Жұмаскалиев-  Беньяминсен


Қазақстан құрамасы:Сидельников, Логвиненко, Кислицын, Нұрдаулетов, Дмитренко, Жұмаскалиев, Шомко, Богданов, Хижниченко, Коробкин, Щеткин

Фарер аралдары : Давидсен Й-Т, Давидсен В, Ресторфф-Моуритсен, Нильсен, Нэс, Балдвинссон, Беньяминсен, Ольсен, Ханссон, Ламхауге-Хольст, Эдмундссон

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!