«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Северсталь»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Северсталь»

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Құрлықтық хоккей лигасының кезекті алтыншы чемпионаты аясында «Барыс» хоккей клубы «Северсталь» командасымен кездеседі

143 0

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Құрлықтық хоккей лигасының кезекті алтыншы чемпионаты аясында «Барыс» хоккей клубы «Северсталь» командасымен кездеседі.

Бүгінгі ойында «Барыс» әдеттегі құрамда өнер көрсететін болады. Алайда кейбір тұрмыстық жағдайларға байланысты бұл жолы шабуылшы Николай Антропов мұз айдынына шыға алмайды. Себебі оның бірқатар құжаттарын рәсімдеу керек, Оған қоса, таяуда Н.Антроповтың үшінші баласы дүниеге келді. Бұл қуанышты жағдай да оның Қазақстанға келу уақытын шегертті.

Жалпы, «Барыс» командасы үшін бұл - алғашқы ойын. Ал «Северсталь» бұған дейін бір матч өткізіп, «Автомобилисттен» 2:1 (буллит) есебімен басым түскен болатын. Айта кеткен жөн, «Барыстың» бүгінгі ойыны кешкі сағат 17:00-де басталады. Оны «Қазспорт» арнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!