Винченцо Нибали «Вуэльтаның» 14-кезеңінде мәре сызығын екінші кесті

Фотография - Винченцо Нибали «Вуэльтаның» 14-кезеңінде мәре сызығын екінші кесті

«Вуэльта» көпкүндігінің 14-кезеңінде «Cannondale» командасының итальяндық велошабандозы Даниэле Ратто жеңіске жетті

120 0

«Вуэльта» көпкүндігінің 14-кезеңінде «Cannondale» командасының итальяндық велошабандозы Даниэле Ратто жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орынды «Астана» капитаны Винченцо Нибали иеленді. «RadioShack» командасының басты үміті Кристофер Хорнер мәре сызығын үшінші болып қиды.

Кезең қорытындысында Нибали жалпы есепте көш басында қалып отыр. Екінші орында - «RadioShack» өкілі америкалық Кристофер Хорнер, испандық Алехандро Вальверде («Movistar») - үшінші.

«Вуэльта», 14-кезең

Бага - Андорра, 155,7 км

1. Даниэле Ратто (Италия, «Cannondale») - 4:24:00

2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - + 3:53

3. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - + 3:55

Жалпы есеп

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 53:56:49

2. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - +0:50

3. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») +1:42.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!