«Шахтер» матчтары қай күндері өтетіні белгілі болды

Фотография - «Шахтер» матчтары қай күндері өтетіні белгілі болды

Еуропа Лигасындағы топтық раундтың алғашқы турының ойынын Қарағандылық «Шахтер» Грекияның Салоники қаласында өткізеді

175 0

Еуропа Лигасындағы топтық раундтың алғашқы турының ойынын Қарағандылық «Шахтер» Грекияның Салоники қаласында өткізеді. ПАОК-пен кездесу 19 қыркүйекте «Тумба» стадионында жергілікті уақыт бойынша 21.05-те (20 қыркүйекке қараған түні Астана уақыты бойынша 01.45-те) басталады.

Келесі екі ойынды кеншілер өз жерімізде «Астана-Арена» стадионында өткізеді. Алғашқы ойында 3 қазан күні израильдік «Маккаби Хайф» командасына, 24 қазанда өтетін екінші ойында голландиялық «Аз Алкмаар» клубына қарсы ойнайды.

Матчтардың кестесі УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған. КТК телеарнасы кездесулерді тікелей эфирден көрсетеді.

7 қараша – АФАС стадионы

«АЗ Алкамаар» - «Шахтер» - 21.05 (8 қарашада Астана уақыты бойынша түнгі 01.45-те);

28 қараша – «Астана-Арена» стадионы

«Шахтер» - ПАОК – Астана уақыты бойынша 22.00;

12 желтоқсан – «Кирьят-Элиэзер» стадионы

«Маккаби» - «Шахтер» - 21.05 (13 желтоқсанда Астана уақыты бойынша түнгі 01.45-те).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!