Ярослава Шведова қайтдан еліміздің бірінші ракеткасы атанды

Фотография - Ярослава Шведова қайтдан еліміздің бірінші ракеткасы атанды

Ярослава Шведова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Галина Воскобоеваны басып озып, қайтадан Қазақстанның үздік теннисшісі атанды

131 0

Ярослава Шведова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Галина Воскобоеваны басып озып, қайтадан Қазақстанның үздік теннисшісі атанды,  деп жазды ҚазАқпарат  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың теннис бойынша Ашық чемпионатының үшінші айналымына жетіп, болашақ жеңімпаз Серена Уильямсқа жолген  Шведова 78-ші орыннан 74-ші орынға көтерілді. Ал екінші айналымда, сондай-ақ, Уильямстан жеңіліп қалған Воскобоева 77-ші орыннан 80-ші орынға түсіп қалды.

Уильямс өзінің жетекші орнын сақтап қалды, екінші орында американдық спортшыдан финалда 7:5, 6:7 (6:8), 6:1 есебімен жеңілген белорус спортшысы Виктория Азаренко келе жатыр. Ресейлік Мария Шарапова үшінші орында қалды.

Алғашқы ондықта екі өзгеріс орын алғанын атап өткен жөн: қытайлық Ли На бесінші орынға, ал серб теннисшісі Елена Янкович оныншы орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Воскобоева Шведованы басып озып, 19 тамызда Қазақстан теннисшілері арасында бірінші қатарға көтерілген болатын.

52 аптаның қорытындысы бойынша WTA рейтингісі. 9 қыркүйектегі хабар:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 12 260 ұпай,

2 (2). Виктория Азаренко (Беларуссия) - 9505,

3 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 7866,

4 (4). Агнешка Радванска (Польша) - 6335,

5 (6). Ли На (Қытай) - 5565,

6 (5). Сара Эррани (Италия) - 4325,

7 (7). Марион Бартоли (Франция) - 3746,

8 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 3645,

9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3420,

10 (12). Елена Янкович (Сербия) - 3245,

... 74 (78). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 850,

80 (77). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 806,

92 (93). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 703,

150 (163). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 419,

181 (196). Зарина Дияс (Қазақстан) - 336.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!