Д. Бэкхемның ұлы «Арсеналмен» келісімшартқа тұрды

Фотография - Д. Бэкхемның ұлы «Арсеналмен» келісімшартқа тұрды

Лондондық "Арсенал" жасөспірімдер командасының қатарына атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бэкхемның ұлы қосылды.

97 0

Лондондық "Арсенал" жасөспірімдер командасының қатарына атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бэкхемның ұлы қосылды.

10 жасар Ромео Бекхэм «канонирлер» академиясына түсіп, аталған клубпен келісімшартқа тұрды, деп хабарлайды РБК.

«Екі ұлым «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері болса, үшіншісі "Арсенал" десе ішкен асын жерге қояды. Неге олай болғанын түсінсем бұйырмасын?! Бір балам «Челсимен» жаттығып жүр. Одан не шығатынын көреміз», - деп кезінде "Спорт-Экспресс" Бэкхемның сөзін келтірген. Міне, бүгін Ромео үлкен футболға алғашқы қадамын жасап, әкесінің үмітін ақтаған сыңайлы.

«Ол футболға жан-тәнімен берілген. Сол қасиеті үшін мен оны алдым. Бэкхем таң атпай осында келеді, содан тыным таппайды. Жас ойыншылар одан үлгі алады, ал ол ағалық танытып, қашан да кеңес беруге дайын тұрады. Жаттығуға ең бірінші келетін де, жаттығудан ең соңғы кететін де сол», - деді лондондықтардың бапкері Арсен Вангер.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!