Волейболдан «Грация KZ» командасы халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Фотография - Волейболдан «Грация KZ» командасы  халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Украинаның Самбор қаласында 1999-2000 жылғы қыздар арасында «Самбор-2013» VІІ халықаралық турнирі мәреге жетті

474 0

Украинаның Самбор қаласында 1999-2000 жылғы қыздар арасында «Самбор-2013» VІІ халықаралық турнирі мәреге жетті.

Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен (ОБЖСМ) түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста Польша, Словения, Украина, Германия елдерінің командаларымен сынға түскен оралдық «Грация KZ» солардың бәрін де тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. ОБЖСМ тәрбиеленушілерінен құралған команданы Көлеңке Ғұбашев жаттықтырады.

Сондай-ақ Ресейдің Соль-Илецк қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен тағы бір халықаралық турнирде аталмыш ОБЖСМ командасы екінші орынға көтерілді. Оған Соль-Илецк, Орынбор, Пенза, Новокуйбышевск, Ясный және Орал қаласынан командалар қатысты. Оралдықтар Новокуйбышевск командасына ғана жол берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!