Златан Ибрагимович Қазақстанға ұпай ұстатпады

Фотография - Златан Ибрагимович  Қазақстанға ұпай ұстатпады

Қазақстан құрамасы «Астана Аренада»  Швеция құрамасына жол берді

206 0

Қазақстан құрамасы «Астана Аренада»  Швеция құрамасына жол берді.

Ойын бастала салысымен әлем футболының жарық жұлдызы Златан Ибрагимович есеп ашқан соң ғана біздің ойыншылар қорғаныста  сауатты ойнай бастады. Матч барысында сары жейделілер бірнеше қауіпті соққы жасағанымен бұдан өзге гол салуға шамалары жетпеді. Есепті теңестірер қауқар бізде де болмады.

Біздің құрама келесі ойынын қазанның он бірінде сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізсе , дәл сол күн шведтер өз алаңында Австия құрамасы қабылдайды.

ҚАЗАҚСТАН – ШВЕЦИЯ  0:1 (0:1).

Астана. «Астана Арена». Бас төреші: Мирослав Зелинка.

Гол:  Златан Ибрагимович 1 (0:1).

Сары қағаз алды: Сергей Хижниченко 60, Виктор Дмитренко 84, Альбин Экдаль 91.

ҚАЗАҚСТАН: Андрей Сидельников, Марк Гурман, Виктор Дмитренко, Александр Кислицын, Қайрат Нұрдәулетов, Мақсат Байжанов 77 (Марат Хайруллин), Анатолий Богданов, Валерий Коробкин, Дмитрий Шомко,  Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко 92 (Алексей Щеткин).

Бас бапкері: Мирослав БЕРАНЕК.

ШВЕЦИЯ: Андреас Исакссон, Микаэль Антонссон, Пер Нильссон, Мартин Ольссон, Адам Юханссон, Александр Качаниклич, Себастьян Ларссон 70 (Джимми Дурмаз), Андерс Свенссон 87 (Ким Чельстрем), Альбин Экдаль, Златан Ибрагимович, Юхан Элмандер 81 (Тобиас Хюсен).

Бас бапкері: Эрик ХАМРЕН.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!