«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «СКА»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «СКА»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездеседі

158 0

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездеседі.

Айта кетейік, «СКА» биылғы чемпионаттың фавориті болып саналады. Жалпы турнирлік кестеде ол тек мәскеулік «Динамоға» ғана жол беріп, 9 ұпаймен екінші орында тұр. Бұл команда бұған дейінгі чемпионатта плей-оффқа жетіп, лиганың азулы командаларымен күш сынасқан болатын. Былтыр Астанаға келіп, ҚР Президенті кубогын да еншілеген.

«Барыстың» бір ойыны кем. Демек, бізде қосымша ұпай жинауға мүмкіндік бар. Қазір Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде бесінші орынға орналасты. Оның еншісінде 6 ұпай бар. Бүгінгі ойында жеңсек, «СКА»-ны ығыстырып, бірден екінші орынға шығамыз - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Айта кетейік, «Барыс» пен «СКА» арасындағы ойын бүгін кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді. Оны тікелей эфир арқылы «Қазспорт» телеарнасынан көруге болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!