Ауғанстан футболдан Оңтүстік Азия чемпионы атанды

Фотография - Ауғанстан футболдан Оңтүстік Азия чемпионы атанды

Ауғанстан футбол командасы Оңтүстік Азия футбол чемпионатында бірінші орын алды

144 0

Ауғанстан футбол командасы Оңтүстік Азия футбол чемпионатында бірінші орын алды. Непал астанасы Катманду қаласында өткен финалдық матчта Ауғанстан командасы Үндістан құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Бұл - Ауғанстан футболы тарихындағы тұңғыш халықаралық трофей.   

12 қыркүйекте Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабулдың халықаралық әуежайына барып, жеңіспен оралған футболшылардың әр қайсысын жеке құттықады.

Ауғанстан командасы жеңгені белгілі болған сәттен бастап ауғандықтан тойлауға кірісті. Түні бойы жұрт көшеде қыдырып, бірін-бірі жаппай құттықтаған. Ауғандықтардың көбі ту ұстап шыққан - деп хабарлады azattyq.org  

Ауғанстанда "Талибан" билігі тұсында футбол құлдырап, бұл спорт мүлде дамымай қалған еді. 1996-2001 жылдар аралығында "Талибан" стадиондарды өлім жазасын орындауға пайдаланды. Ауғанстан футболдан әлем және Азия чемпионатына бірде-бір рет қатыспаған. Бұл спорт түрі елде тек соңғы жылдары ғана дами бастады. ФИФА рейтингінде ауғанстан қазір 139-орында тұр.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!