Виталий Кличконың қарсыласы дауыс беру арқылы анықталады

Фотография - Виталий Кличконың қарсыласы дауыс беру арқылы анықталады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) украиндық боксшы Виталий Кличконың қарсыласын бекіту үшін дауыс беру өткізбекші

202 0

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) украиндық боксшы Виталий Кличконың қарсыласын бекіту үшін дауыс беру өткізбекші. Бұл оның кәсіптік карьерасындағы соңғы төбелес болуы мүмкін, деп хабарлады World Boxing News.

«Барлық міндетті қорғаулар Тайландта қараша айының үші мен тоғызы арасында өтетін 561 съезде талқыланатын болады. Біз дауысқа саламыз», - деп мәлімдеді WBC перзиденті Хосе Сулеймани. Ол сонымен бірге Кличко чемпиондық атаққа міндетті үміткер канадалық Бермейн Стивернмен кездесуі қажет екендігін ескертті, деп хабарлады Vesti.kz. Бірақ бұл кездесу Кличконың жарақатына байланысты келесі жылға қалдырылды. Сулейманидің сөзі бойынша, канадалық боксшы WBC нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін күресуге лайық.

Кличко болса, бұған дейін інісі Владимирмен шаршы алаңда кездескен британдық Дэвид Хэйдтің өзінің қарсыласы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

Осыған дейін ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының директоры Том Леффлер осы төбелес 42 жастағы Виталийдің карьерасындағы соңғы кездесу болатындығын айтты.

Соңғы рет Кличко алаңға 2012 жылғы қыркүйек айында Мәскеу қаласында шыққан. Онда украиндық боксшы неміс Мануэля Чарраны нокаутқа жіберген болатын. Кличко барлығы 47 ұрыс өткізіп, оның 45-інде (41 - нокаут) жеңіске жетті.

32 жастағы Хэй 26 рет (24 - нокаут) жеңіске жетті, келесі кездесуді 25 жасар отандасы Тайсон Фьюримен (21 жеңісі бар, 15 - нокаут) 28 қыркүйек күні Британияның Манчестер қаласында өткізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!