Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Моңғолияны жеңді

Фотография - Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Моңғолияны жеңді

Бүгін Таиландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы Моңғолиядан басым түсті.

313 0

Бүгін Таиландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы Моңғолиядан басым түсті.

Бұл ойында біздің волейболшыларымыз үш сетте де (25:22, 25:16, 25:9) жеңіске жетіп, Моңғолия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстанның волейболшылары қатарынан екі рет жеңіске жетіп отыр. Кеше олар Таиланд командасын жеңген болатын.

Айта кетейік, чемпионат кеше, 13 қыркүйек күні басталды. Оған Австралия, Моңғолия, Қазақстан мен Таиландтың волейбол командалары қатысуда. Қазақстан құрамасының барлық ойындарын «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетіп жатыр.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!