Мұхит Тұрсынов «Алтай барысы» атанды

Фотография - Мұхит Тұрсынов «Алтай барысы» атанды

Кенді Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» анықталды

221 0

Кенді Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» анықталды.

Жазушының тарихи повесіне арқау болған өз заманында «бөрікті балуан» атанған Айпара-анаға дейін де, одан кейін де Төр Алтайда небір балуандар өткен. Алайда дәл бүгінгідей бәсі жоғары, тартымды да тартысты дода болмағанына да біраз болыпты. Атан жілік, апайтөстер қарсы келгенді айбарымен жасқаса, бұқа мойын, бура сандар белдескеннің бәрін күшімен тұқыртып жатты. Ал қайыстай тартылған ықшам денелі, қабыландай құйтұрқы қимылды тарамыс балуандар әдістің түр-түрін көрсетіп, тамашалағандарды пай-пайлатып-ақ тастады. Айбек Нұғымаровқа дейін «Қазақстан барысының» атағын иеленген тараздық Бейбіт Ыстыбаев пен қызылордалық Ұлан Рысқұловтың кілемге шығуын тағатсыздана күтіп отырған жұрт өзге балуандардың өнеріне де қошеметтерін аямады. Ұлан Рысқұлов ақтық тартысқа жетпей сүрінсе, Бейбіт жастығына қарамай беріспес бәсекелесіне айналған шығыстың тағы бір тарланы Мұхит Тұрсыновпен соңғы белдесуіне шыққан еді. Намысы жүрегінде бұрқ-сарқ қайнап жатса да, сыртқа сездірмейтін сабаз жерлесіміз «Қазақстан барысында» кеткен есені қайтарудың сәтін орайымен пайдаланды. Таза жеңіске баланған тәсілі оны «Алтай барысы» атағына жеткізді. Ат жарысы мен балуан күресі ән-күйсіз өтуші ме еді. Тойға арнайы келген «Қоңыр» тобы атшабардан ел тарағанша қоңыр әндерін үзбей шырқады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Бұл той да мәресіне жетті. Мынау аппақ дүниеде Алтайдан көрікті мекен жоқ болса, ондай топырақтан таланттар шоғыры мәңгі үзілмейтінін дәлелдеп, екі күнгі ертегіге бергісіз думан да толастады. Қазақтың қадірлі ұлы Оралханның қайраткер тұлғасына тамсана бас иген мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар осындай берекелі ел барда, Оралханның әдбиетке сәуле шашып тұрған өз отының өшпейтініне көздері жетіп, көңілдері жайланды. Неше күнгі сабылыстан шаршаса да, ұйқысы келмей ел қалды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!