Қытайда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде

Фотография - Қытайда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде

Қытай Халық Республикасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев мәлімдеді

168 0

Қытай Халық Республикасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев мәлімдеді.

14-18 қыркүйек аралығында өтіп жатқан додаға 20-ға жуық команда қатысып жатыр. Жалпы, қазақ күресінен Азия чемпионаты осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отыр.

«Қазір Қытай қазақ күресіне ерекше көңіл бөліп, спорттың осы түрінен федерация ашып берді. Күрес болатын Ганьсудың әкімі қазақ екен. Ақсай атты ауданда ат, түйелерді салтанатпен шерулетіп, жарысқа құрмет көрсетпек. Сондай-ақ, олар спортшылардың жатын орны, тамағына кететін шығындардың барлығын өздері көтереді»,-деді «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев.

Сондай-ақ, Серік Адамұлы 11-15 қараша күндері қазақ күресінен әлем чемпионаты Мюнхеннен 80 шақырым жердегі Ален қаласында өтетінін, оған жас кадеттер (17-18 жастағы спортшылар) және ересектер қатысатынын жеткізді. Ал желтоқсан айында Қазақ күресінен өтетін әлем кубогына 8 мемлекеттің спортшылары бақ сынайтын болады. Жарыс Алматы немесе Тараз қаласында өтуі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!