Екі өреніміз әлем чемпионы

Фотография - Екі өреніміз әлем чемпионы

Украина астанасы Киевте бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті

183 0

Украина астанасы Киевте бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады alasharena.kz.

Қазақстан құрамасының 8 боксшысы жартылай финалға шығып, оның үшеуі ғана ақтық айқасқа жолдама алған еді. 52 келідегі Абылайхан Жүсіпов финалда ресейлік Гусейн Магомедовтен басым болып жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды. Жүсіпов үш кезеңде де қарсыласына айла қалдырған жоқ.  Абылайханның ізін ала  66 келідегі Рахат Мәржікпаев шаршы алаңға шығып, әзірбайжандық  Ровшан Мусаевты 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Өкінішке қарай, 70 келідегі Қадырбек Сәдірбек шаршы алаң қожайынына жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ал қола жүлдегерлер қатарында 52 келідегі Бауыржан Темірханов, 50 келідегі Стоян Мазур, 48 келідегі Серік Темірханов, 46 келідегі Әлімжан Бескемпір бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!