А.Есімов теннистен Қазақстан чемпионын 6:4 есебімен ұтты

Фотография - А.Есімов теннистен Қазақстан чемпионын 6:4 есебімен ұтты

Алматы әкімі Ахметжан Есімов ІІІ ITF халықаралық ашық турнирінің жұптық ойынында финалисті Александра Гринчишинаны 6:4 есебімен ұтты

239 0

Алматы әкімі Ахметжан Есімов ІІІ ITF халықаралық ашық турнирінің жұптық ойынында финалисті Александра Гринчишинаны 6:4 есебімен ұтты.

ҚР чемпионатының қола жүлдегері Әсия Дайырмен жұптасып өнер көрсеткен әкім, ELSI Tech компаниясының президенті, турнирдің бас демеушісі Асқар Бекбаев пен оның жұбы Александра Гринчишинаны жеңді.

1 сағатқа созылған ойыннан кейін әкім қарсыластарына керемет ойын өрнегін көрсеткені үшін алғысын білдірді. Әкім осының алдында ғана қала күніне арналған велошеруге қатысып келгендіктен, теннис ойнау қиынға соққанын жасырмады.

«Егер мен жеңілсем, онда Алматының жеңілгені. Қарсыластарымыз ойын барысында бізді әбден састырды. Чемпион қыздарымызға алдағы спорттық карьерасында жеңіске жете берулерін тілеймін. Еліміз бен қаламыздың атын әлемдік деңгейге көтере берсін», - деді А.Есімов.

Матчтан соң қала әкімі SB Capital және ELSI Tech компанияларының атынан «ДОМ» қоғамдық қорына 600 мың теңге табыс етті.

Биылғы турнир Қала күніне орай өткізілді. Біріншіліктің жүлде қоры $15 мың АҚШ доллары. Турнирге бас-аяғы Қазақстанның 60-қа тарта саяси қайраткерлері мен жетекші кәсіпкерлері қатысады - деп хабарлады baq.kz

Мұның алдында бұқаралық ақпарат құралдары турнирге әйгілі ресейлік теннисші Мария Шарапованың келетінін жариялаған болатын. Алайда, турнирді ұйымдастырушылар бұл ақпараттың жалған екенін айтты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!