Мәскеудегі марафонда қазақстандық атлет жеңді

Фотография - Мәскеудегі марафонда қазақстандық атлет жеңді

Қазақстандық спортшы Ирина Смольникова кеше Мәскеуде алғаш рет өткен марафонда жеңіске жетті

198 0

Қазақстандық спортшы Ирина Смольникова кеше Мәскеуде алғаш рет өткен марафонда жеңіске жетті, деп хабарлайды «Р-Спорт».

Смольникова 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 44 минут 54 секундта жүгіріп өткен. Екінші орынды ресейлік Татьяна Белкина иеленді, оның уақыты – 2 сағат 51 минут 16 секунд. Үшінші орында Татьянаның отандасы Нагина Хаитова – 2 сағат 53 минут 41 секунд.

Ерлер марафонында уараиналық Александр Матвейчук топ бастады (2 сағат 19 минут 36 секунд), екінші және үшінші орындарда оның жерлестері – Игорь Гелетий (2.21,13) және Сергей Марчук (2.21,29).

Атлеттер Мәскеудің орталық көшелерімен жүгірді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Лужников аренасында өтті. Ерлер және әйелдер марафонында жеңіске жеткен алғашқы 6 орынды иеленген спортшыларға 140 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жүлделер, сондай-ақ, медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтар берілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!