Қазақстандық волейболшы қыздар Ветнам құрамасын ұтты

Фотография - Қазақстандық волейболшы қыздар  Ветнам құрамасын  ұтты

Кеше Таиланд еліндегі Накхонратчасимада волейболдан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатының 1/8 финалдық ойындарын Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сәтті бастады

166 0

Кеше Таиланд еліндегі Накхонратчасимада волейболдан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатының 1/8 финалдық ойындарын Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сәтті бастады.

Олар вьетнамдықтарды 3:0 (25:21 25:23 25:22) есебімен ұтып, ширек финалға шығуға бір табан жақындады. Бүгін енді топтық сында «С» тобында жеңімпаз атанған, өткен жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болған Жапония спортшыларымен күш сынасады. Кеше жапондықтар жарыс қожайындарынан 1:3 (15:25 23:25 25:23 28:30) есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Жалпы бұл дүбірлі додада топтық сында Қазақстан волейболшылары «А» тобында өнер көрсетіп Тайланд пен Австралия командаларын 3:1, Моңғолия құрамасын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Соның нәтижесінде 9 ұпаймен Қазақстан бірінші, 6 ұпаймен Тайланд екінші орын алған еді. Ал олардың 1/8 финалдағы қарсыластарынан «С» тобында Жапония 9 ұпаймен бірінші, Вьетнам 6 ұпаймен екінші орынға ие болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!