Шалқар Жоламанов – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Фотография - Шалқар Жоламанов – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

 100 келі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Шалқар Жоламанов ирандық балуан Қажы Паур Морһаддамға есе жіберіп, алтыннан қағылды

399 0

Қытайдың Ганьсу аймағында қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Шалқар Жоламанов күміске қол жеткізді.

100 келі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Шалқар Жоламанов ирандық балуан Қажы Паур Морһаддамға есе жіберіп, алтыннан қағылды.

Бұл түйе палуанның есімі қазақ күресі жанкүйерлеріне ене таныс. Өткені, Шалқар Жолманов «Қазақстан барысы-2011» турнирінде қола жүлдеге қол жеткізсе, «Қазақстан барысы-2012» жобасында күміспен күптелген болатын. Ал, білекті балуан биыл ұйымдастырылған додаға қатысқан жоқ.

Қытайда төл күресіміз бойынша ел намысын қорғап жатқан спортшылардың қатарында: 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінде «Көрермендер көзайымы» атанған Рүстем Жұмаев және 2011 жылы «Қазақстан Барысының» финалдық кезеңінде күрескен Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Әділжан Ыстыбаев бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!