Әлем чемпионатындағы еркін күресшілердің соңғы үміті енді Ақжүрек Таңатаровқа артылады

Фотография - Әлем чемпионатындағы еркін күресшілердің соңғы үміті енді Ақжүрек Таңатаровқа артылады

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 2 күні де қазақстандық еркін күресшілер үшін сәтсіз аяқталды

207 0

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 2 күні де қазақстандық еркін күресшілер үшін сәтсіз аяқталды.


Расул Қалиев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (66 кг), Таймураз Тагиев (96 кг), Дәулет Ниязбеков (60 кг), Аслан Кахидзе (84 кг), Дәулет Шабанбай (120 кг) үздіктер қатарына іліне алмады.

Бүгін енді Руслан Өміралиев баптайтын еркін күресшілер құрамасының соңғы үміті Ақжүрек Таңатаровқа (74 кг) артылып отыр. Бұл күні сондай-ақ әйелдер күресінен Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да өз бақтарын сынайтын болады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ал ертең Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) жарыс көрігін қыздыруға тырысады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!