«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Югра»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Югра»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек

144 0

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек.

Айта кеткен жөн, ҚХЛ-дың жаңа маусымына дейін «Барыс» пен «Югра» бірнеше рет кездесіп, күш сынасып көрген болатын. Тамыз айында олар ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнирде ойнаған. Ол кезде екі рет қатарынан «Барыстың» мерейі үстем болды. Ал соңғы Иван Ромазан атындағы хоккей додасында «Югра» өз есесін қайтара білді. Алайда барлық матчтарда екі команданың да дайындығы бірдей екендігі барынша байқалды. Таразы басы да бірде «Барысқа», бірде «Юграға» ауып тұрды. Ал ЖХЛ-дың жалпы турнирлік кестесіне қарасақ, астаналық клубтың бір қадам алда екендігін көруге болады. Мәселен, «Югра» соңғы бес ойында үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте ұтылса, «Барыс» бес матчтың төртеуінде қарсыласынан басым болды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!