Дэвид Бекхем сириялық балаларды қолдауға шақырды

Фотография - Дэвид Бекхем сириялық балаларды қолдауға шақырды

Өз еркімен БҰҰ Балалар қорының елшісі болған Дэвид Бекхэм әлем қауымдастығын сириялық балалардың басындағы қиын жағдайды ұмытпауға шақырды.

151 0

Өз еркімен БҰҰ Балалар қорының елшісі болған Дэвид Бекхэм әлем қауымдастығын сириялық балалардың басындағы қиын жағдайды ұмытпауға шақырды. «Олар мұндай өмірді тілеп алған жоқ. Соған қарамастан қиыншылықтан көз ашпай отыр. Сириялықтардың келешегі саналатын тұтас бір буынның жоғалып кету қаупі бар. Сол себепті, сириялық жеткіншектердің тағдырына бей-жай қарамау керек», – деп айтылған ашық хатта. Бұл ашық хатқа британ футбол жұлдызынан өзге есімі елге танымал қоғам қайраткерлері де қол қойғанын айта кету керек.

«Сіздердің қайыр-садақаларыңыз аурудың алдын-алу үшін вакцина сатып алуға, оқуын жалғастыруға және бастарына түскен нәубетті көтере алуы үшін өзгелердің көмегін сезінуіне мүмкіндік береді», – делінген ашық хатта.

Дүниежүзілік маңызы бар аталмыш балалар ұйымының сайтында жарық көрген мәлімдемеде келтірілген дерекке сәйкес күн сайын Сирия шекарасын екі жарым мыңдай бала кесіп өтетін көрінеді. Бір жылға толар-толмас уақытта кәмелет жасына жетпеген сириялық босқын балалар саны 70 мыңнан бір миллионға дейін өскен.

«Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Лос-Анджелес Гэлакси» сынды азулы командалардың құрамында ойын өрнегін көрсеткен Дэвид Бекхэмнің төрт бала тәрбиелеп отырғанын айта кету керек.

Осыдан бір жыл бұрын Сьерра-Леонда болып, анасы аяғы ауыр кезде тоя тамақ жемегені үшін олардың балалары аурушаң әрі әлсіз болып өсіп келе жатқанын өз көзімен көрген ол ел премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, ашық хатты қолына ұстатқан еді.

Лондон олимпиадасының ашылу қарсаңында атақ-даңқы жер жарған аяқ доп перісі Африкадағы аштықтың азабын тартып жатқандардың басындағы ауыр жағдайға әлем жұртшылығының назарын аудармақ болған еді.

Сириядағыы балғындардың тағдырына қатысты үндеуге әлемге әйгілі футболшыдан өзге британдық велошабандоз, бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған әрі олимпиада ойындарының жеңімпазы Крис Хой, бірталай фильмде Тони Блэрдің бейнесін сомдаған актер Майкл Шин, «Черчилль» кинокартинасында басты рөлді ойнаған Том Хиддлстон, әнші, актриса және фотмодель Кили Хоус және тағы басқа танымал тұлғалар қолдарын қойған еді.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!