Қысқы Олимпиадаға барып қайту құны 600 мың теңге

Фотография - Қысқы Олимпиадаға барып қайту құны 600 мың теңге

2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дейін бас-аяғы екі ай қалды. Қазақстандықтар әлемдік доданы телеарнадан тамашалайды

200 0

 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дейін бас-аяғы екі ай қалды. Қазақстандықтар әлемдік доданы телеарнадан тамашалайды. Алайда, спортшыларымызды қолдау үшін Сочиге арнайы баратындар да жеткілікті. Олимпиаданы көріп, 1 апта демалып қайтамын деушілер үшін бір ескеретін жағдай – билетке, жатын орынға және ішіп жеміне 600 мың теңге қаражат қажет.

Енді осы қаржының қайда жұмсалатынына жеке-жеке тоқталып өтейік. Ұшақ билетінің құны 200 мың теңге. Жай кездері көрші елге барып-қайтуға 120 мың теңге кетеді. Ал олимпиада маусымында билет құны 30-40 пайызға көтеріледі.

Қонақ үйлерде бір орындық бөлмелердің құны 20-45 мың теңге арасында. Яғни, бір апта аялдаймын десеңіз 200 мың теңгеңізді жоққа санауыңызға тура келеді. Қазірдің өзінде қонақ үйлерден бос орын табу мұң болып тұр.

Тағы бір ескеретін жағдай – спорттық жарыстарға ең арзан билет бағалары 15-20 мың теңгеден басталады. Демек, 3-4 жарысқа қатысу үшін 80 мың теңге төлейсіз. Олимпиаданың жабылу салатанатына кіру үшін тағы 30 мың теңге қажет.

Естеліктер аламын десеңіз кемінде 60 мың теңгедей қосымша қаражатыңыз болғаны жөн.

Мәселен, Bosco фирмалық дүкеніндегі киімдердің бағасы төменде көрсетілген. Қысқы куртканың құны – 38-50 мың теңге аралығында, бас киім мен мойынорағыш – 15 мың, қалың қысқы шалбар – 15 мың, аяқ қиім – 20 мың, әйел адамдарға арналған арнайы сөмке – 12 мың теңге тұрады.

Қай уақытта барған дұрыс?

Олимпиаданың соңғы 7 күнінде баруға кеңес береміз. 2014 жылдың 16-23 ақпан аралығында қазақстандық спортшылардың ойындарын тамашалауға болады. Шаңғышы Алексей Полторанин, биатлоншы Елена Хрусталева, коньки тебуші Денис Кузин мен Екатерина Айдовалар жарыс жолына дәл осы күндері шығады. Ал 14 ақпанда Денис Теннің өнер көрсетеді. Жарыстың соңғы күнінде, 23 ақпанда ерлер арасындағы хоккей турнирінің ақтық кездесуі өтеді.

Естеріңізге саламыз, Сочи қаласындағы Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпаны аралығында өтеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!